+7 727 277 77 47 +7 727 277 77 57
жұмыс уақыты 9:00ден 18:00дейін

Біз туралы

«Центр крепежа» компаниясы 2000 жылы Алматы қаласында өз қызметін бастады. Компанияның негізгі қызмет бағыты – нығайтқыш материалдардың, құрал-сайман, өлшеу құралдарын, шығыс материалдарының көтерме және бөлшек саудасы.  Аздаған уақыттың ішінде «Центр крепежа» компаниясы өз күшімен ыңталығының арқасында үлкен жетістіктерге жетті және Қазақстан нарығында нығайтқыш материалдар сатуға арналған жетекші кәсіпорындардың бірі ретінде қалыптасты. Біз Германия, Польша, Италия, Франция, Қытай, Тайваньның жетекші өндірушілердің ресми дистрибьюторы атандық. Жеткізуші компанияларды таңдау критерийлері олардың өнімдерінің сенімділігі, тұрақтылығы мен сапасы. Компанияның сауда алаңдарында сізге Fischer, Wkret-Met, Friulsider, Etanco, Marintech, Stabila, Diager, Hans және тағы басқа көптеген танымал брендтердің 20 000-нан астам өнімдерін ұсынамыз.

«Центр крепежа» компаниясында 18 жыл бойы белсенді жұмыс жасайтын Қазақстанның барлық аймақтарында кең дилерлік және филиалдық желі құрылды.  Еліміздің 20 қаласында құрылыс конструкцияларын, құрылыс химикаттарын, қол және өлшеу құралдарын, электр құралдары мен шығын материалдарын сататын 60 астам дүкен ашылды.

2010 жылы Алматы қаласында «Центр крепежа» өз индустриалды аймағында дюбелдік техниканы өндіруді бастады . Бірнеше жылдан кейін компания индустриалды аймақты кеңейтіп, қазір бірнеше бағыт бойынша тауарларды өндірумен айналысады:

  • композициялық шыны талшықты арматураны, торды өндіру;
  • пластмасс және композиттік шыбықпен жабдықталған жылу оқшаулауға арналған дюбел дайындау;
  • пластикалық қораптарды, қоймадағы сақтауға арналған тауаларды өндіру;
  • бекіткіштерді бояу.

Компаниямыздың саясаты келесі мақсаттарға қол жеткізуге және қолдауға бағытталған:

  •  жоғары сапалы нығайтқыш материалдарын дайындау және енгізу;
  • тез арада тауарды клиентке тікелей жеткізу;
  • Қазақстанның құрылыс саласындағы стандарттар мен нормаларға сәйкес нығайтқыштарды дайындау;
  • пайда болған мәселелерді шешуге кәсіби көзқарас.

Компания жұмысының өнімдері мен географиясы артып келе жатқандықтан, біздің қызметкерлеріміздің біліктілігі мен білімі артып, біздің өнімдеріміз туралы кез келген сұрақтарға жауап бере алады, стандарттарға сәйкес аналогтарды таңдауға көмектеседі.

Өндіріс, монтаждау немесе құрылыс процестерінде орын алатын нақты тапсырма үшін оңтайлы шешімді бірден таңдауға болмайтын жағдайлар бар. Мұндай жағдайларда құрылыс алаңында демонстрациялық тестілеу – ең жақсы шешім. Компанияның инженер мамандары сіздің өндірісіңізде немесе құрылыс алаңында бірнеше шешімдерді таңдап, демонстрациялық сынақтар өткізеді. Нәтижесінде оңтайлы шешімді таңдауға болады.

Біз сіздерге көмектесетінімізге сенімдіміз және біз әрқашан өзара тиімді ынтымақтастыққа дайынбыз!

© 2018 Центр крепежа нығайтқыш материалдар, құрал-самандар және шығын материалдар

публикация материалов возможна только при наличии обязательной гиперссылки на сайт